Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ризабек Айтмұхан Ресей чемпионын жеңді

27.03.2026, 23:35

Жарыс Ташкентте өтіп жатыр. 

Ризабек Айтмұхан Ресей чемпионын жеңді
ҚР ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) өткен Professional Wrestling League ұйымының PWL 11 турнирінде қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан ресейлік Алихан Кцоевпен белдесті. Кездесу 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Тартысты өткен белдесуде Айтмұхан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп, тағы да басым екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, қос балуан бұған дейін ақпан айында Бішкекте өткен Super 4 Wrestling турнирінің финалында да жолыққан болатын. Ол кезде де Ризабек Айтмұхан 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен ересектер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Ал оның қарсыласы Алихан Кцоев – Хадарцевтер турнирін екі рет жеңіп алған тәжірибелі балуан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам