Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Украина мен Израиль де келеді: Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

Бүгін, 16:20

Жарыс мамырда өтеді. 

Украина мен Израиль де келеді: Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді
Қазақстан дзюдо федерациясы

Мамыр айының 8-10-ы аралығында елордада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесі кезекті рет өз мықтыларын анықтайды.

Беделді жарыста дзюдошылар ерлер және әйелдер санаты бойынша 7 салмақ дәрежесінде Олимпиаданың рейтингтік ұпайлары үшін өзара бақ сынайды. Бұл дода - халықаралық дзюдо күнтізбесіндегі ең маңызды кезеңдің жарыстардың бірі саналады.

Айта кететін жайт, Qazaqstan Barysy Grand Slam 2024 жылдан бері өтіп келеді. Қазақстан дзюдошылары бұл сында бірнеше рет жүлде алғанымен, әзірге қазақ балуандары арасында Ғалия Тынбаева (48 кг) ғана чемпион атанған.

Сонымен бірге, биылғы сында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов екі жылға жуық үзілістен кейін алғаш рет бақ сынайды деп күтіліп отыр.

Әзірге Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) турнирде бақ сынайтындар қатарында Украина және Израиль құрамаларының тіркелгенін ресми сайтында мәлімдеді. Бұл турнирде отандық татами шеберлері толық құрамда қатысады деп күтіліп отыр. Болжам бойынша, үздік нәтиже көрсеткен балуандарға алдағы әлем чемпионаты мен Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік берілмек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам