Біріншілік Қытайда өтеді.
Қытайда 6-18 сәуір күндері аралығында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Бұл жолы аса ауыр салмақта күресетін балуандар құрлық додасынан тыс қалғалы отыр.
Ерлер сапында күресетін споршылар арасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (66 кг), Есет Қуанов (73 кг), Әділет Алмат, Абылайхан Жұбаназар, Айдар Арапов (90 кг) және Нұрлыхан Шархан мен Марат Байкамуровқа (100 кг) сенім артылып отыр.
Азия чемпионатында ҚР ұлттық әйелдер құрамасы да қатысады. Оның ішінде Диана Буркеева (48 кг), Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева (57 кг), Есмигүл Құйылова (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг) мен Ақерке Рамазанова, Айда Тойшыбекова (+78 кг) күреседі.
Жыл басынан бері ҚР ұлттық құрамасының балуандары бірнеше турнирге қатысып жүлделі болды. Оның ішінде Нұрқанат Серікбаев Тбилиси Гранд Слэмінде топ жарса, Әділет Алмат Лицн Гран приінде үздік шықты. Сонымен бірге, бірнеше балуан Гранд Слэм бәсекелерінде қола жүлдеге қол жеткізді.