Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді

05.04.2026, 12:41

Алда әлі 8 тур бар

Бибісара Асаубаева Кипрдегі турнирде екі ойында жеңіліп, соңғы орынға төмендеді
Михал Валуша (ФИДЕ)

Кипрде өтіп жатқан шахмат турнирінде қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева екі ойында жеңіліп, кестенің соңғы сатысына төмендеді. 

Алтыншы турда 22 жастағы қазақ қызы үнді шахматшысы Дивье Дешмукхпен кездескен болатын. Ақ фигурамен ойнаған отандасымыз қарсыласынан айласын асыра алмады. Ал, күні кеше Бибісара ресейлік Екатерина Лагнодан да жеңілген еді.

Осылайша қазақстандық шахматшы бір жеңіс, үш тең ойын және екі жеңілістен кейін 2,5 ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы сатысына төмендеді. Ол қытайлық Тань Чжунъимен 7-8 орындарды бөлісіп тұр.

Ал, украиналық Анна Музычук төрт ұпаймен көш бастап тұр. Бүгін ол Асаубаеваға қарсы шешуші ойындардың бірін өткізеді.

Айта кетейік, аталған турнирге 8 шахматшы қатысып жатыр. Олар бір-бірімен екі реттен ойнап шығады. Жеңімпаз қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньге қарсылас атанып, әлемдік тәж үшін таласқа түседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам