Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі жартылай финалға жолдама алды.
Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен 97 келіде Ислам Евлоев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.
Отандасымыз жапониялық Юри Наказатоны мерзімінен бұрын жеңіп, есепті 8:0-ге жеткізді. Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі жартылай финалға жолдама алды.
Чемпионаттың екінші жарыс күнінде бозкілемге 60 келіде Ербол Камалиев, 72 келіде Алматбек Аманбек, 82 келіде Ибрагим Магомадов шығады. Ал 67 келіде күрескен Бағдат Сабаз 1/8 финалда оңтүстіккореялық Чон Ханжеге 4:7 есебімен жеңіліп қалды.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) пен Қаһарман Қисметов (77 келі) құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін күресетін болады.