Қайғылы оқиға Бельгияда жаттығу кезінде болған
Бельгиялық 21 жастағы велошабандоз Милан Браль жол апатынан көз жұмды.
Қайғылы оқиға Бельгияда жаттығу кезінде болған. Спортшыны көлік қағып, салдарынан ол ауыр жарақат алған. Браль дереу Гент университеттік ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Марқұм өнер көрсеткен Dovy Keukens – FCC командасы ресми мәлімдеме жасап, спортшымен қоштасты.
«Біз үшін Милан жай ғана велошабандоз емес еді. Ол — керемет адам, нағыз командалас, әрдайым жанымыздан табылатын сенімді дос болатын. Командамызда ерекше орны бар еді. Оны бәрі жақсы көрді, біз оны қатты сағынатын боламыз. Милан әрқашан біздің жүрегімізде», – делінген клуб хабарламасында.