Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Зүлфия Ғабидуллина 60 жасында халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 09:52

Спортшы 150 метр қашықтықты 3 минут 47 секундта жүзіп өткен

Зүлфия Ғабидуллина 60 жасында халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды
ҰОК

Қазақстандық паражүзуші, Паралимпиада тарихындағы еліміздің тұңғыш чемпионы Зүлфия Ғабидуллина 60 жасында халықаралық жарыстың жүлдесін жеңіп алды.

1-3 мамыр аралығында Парижде өткен паражүзуден Әлем сериясы кезеңінде спортшы 150 метрге кешенді жүзу сайысында қола медаль иеленді. Зүлфия Ғабидуллина қашықтықты 3 минут 47 секундта жүзіп өткен.

Сондай-ақ аталған турнирде қазақстандық Диас Кенжебек S10 санатындағы 100 метрге шалқалай жүзуде Азия рекордын жаңартты. Ол мәреге 1 минут 3 секунд нәтижесімен жетті.

Париждегі Әлем сериясы кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Зүлфия Ғабидуллина, Наталья Звягинцева, Диас Кенжебек, Ержан Сәлімгереев, Сәулет Рахманберді және Мақсат Сәрсембаев өнер көрсетті.

Алдағы күндері қазақстандық паражүзушілер 7–9 мамыр аралығында Берлинде өтетін халықаралық турнирге қатысады. Бұл жарыс қазан айында Нагояда өтетін Азия пара ойындарына рейтингтік ұпай беретін маңызды сын саналады.

Айта кетейік, Париждегі Әлем сериясы кезеңіне әлемнің 37 елінен шамамен 200 спортшы қатысты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам