Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Бакудегі Grand Slam турниріне барған қазақстандық 26 дзюдошының 25-і жеңіліп қалды

18.02.2024, 21:04

Тек бір дзюдошы қола медаль иеленді

Бакудегі Grand Slam турниріне барған қазақстандық 26 дзюдошының 25-і жеңіліп қалды
IJF

Әзірбайжан астанасында аяқатлған Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде үш дзюдошы ширек финалға шыққанымен, тек біреуі ғана қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

-100 келіде күрескен Ислам Бозбаев жарысты екінші айналымнан бастап, алғашқы белдесуінде кипрлық дзюдошыны ұтты. Ал 1/8 финалда бразилиялық Рафаэль Бузагариниді жеңіп, ширек финалға шыққан еді. Алайда грузин балуанынан ұтылған теміртаулық спортшы жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды.

Өз мүмкіндігін сәтті пайдаланған Ислам Бозбаев сербиялық Божан Досеннен басым түссе, қола медаль үшін күресте нидерландтық Майкл Коррельге шамасы жетпеді. Осылайша ол үш апта ішінде екінші жарыста жүлдесіз қалды.

Жарыстың соңғы күнінде 90 келіде белдескен Ермахан Әнуарбеков, Мұхамедәли Мавлидов, -100 келіде Әділет Сапарғалиев, +100 келіде Оразбаев Әділ бірінші кездесуде есе жіберіп алды. Аса ауыр салмақта татамиге шыққан Еламан Ерғалиев Сауд Арабиясының дзюдошысынан басым түссе, екінші белдесуінде словениялық қарсыласына жол берді. Ал әйелдер арасында 78 келіде күрескен Аруна Жангелдина мен Маргарита Гриценко алғашқы айналыммен жарысты аяқтады. +78 келіде Кәмила Берліқаш пен Карина Такиева ширек финалда тоқтады. Жұбаныш белдесуінде де қос спортшы қарсыластарына жол беріп, жарысты 7-ші орынмен аяқтады.

Бұл сында Қазақстан дзюдошылары арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова қола медаль иеленді. Ол қаңтар айының соңында Португалия Гран Приінде де үшінші орынға тұрақтанға болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам