Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Бакудегі Grand Slam турнирінде қазақ дзюдошылары жаппай жеңіліп қалды

17.02.2024, 16:16

Медальдан үміт күттірген Жансай Смағұлов та ширек финалға жете алмай сүрінді

Бакудегі Grand Slam турнирінде қазақ дзюдошылары жаппай жеңіліп қалды
Olympic.kz

Бакуде өтіп жанқан Grand Slam турнирінің екінші күнінде Қазақстан дзюдошылары жүлдесіз қалды.

73 келіді күрескен Жансай Смағұлов пен Бауыржан Әбдірахманов екі қарсыласынан басым түсіп, 1/8 финалға жеткенімен ширек финалға жете алған жоқ.

81 келіде татамиге шыққан Айбол Нысаналы бірінші белдесуінде түрік Мұса Симбектен ұтылса, Аңсарбек Ғайнулин Пуэрто-Рико балуанынан айласын асыра алмады.

Әйелдер арасында 63 келіде белдескен Зарина Сарипова бірінші кездесуінде венгр балуанына жол берді. Осы салмақта күрескен Есмигүл Құйылованың жолын Нидерланд спортшысы кесті.

70 келіде отандасымыз Екатерина Токарева сынға түскен еді. Алайда, ол Бразилия балуаны Эллен Фронерге қарсы қауқар таныта алмады.

Баку турнирі 18 ақпан күні аяқталады. Ертең ерлер 90, 100, +100 келіде, ал әйелдер 78, +78 келіде татамиге шығады.

Жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен отандастарымыздың арасында әзірге Абиба Әбужақынова ғана қола медальға ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт