Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатының екі күнінде 6 медаль жеңіп алды

19.02.2024, 09:32

Оның екеуі алтын медаль

Қазақстандық жеңілатлеттер Азия чемпионатының екі күнінде 6 медаль жеңіп алды
instagram.com/qazathletics

Тегеранда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан ғимарат ішіндегі Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары алты медаль жеңіп үлгерді деп хабарлайды Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

«Біздің атлеттер Азия чемпионатында жарқын өнер көрсетіп жатыр. Соңғы екі күннің нәтижесі бойынша 6 медаль жеңіп алдық: 2 алтын, 2 күміс және 2 қола.

Давид Ефремов 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәрені бірінші болып кесті. Оның уақыты – 7.60 секунд.

Елизавета Матвеева болса биікке секіруде 1,86 метрді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Иван Иванов ядро лақтыруда 19,08 метр көрсеткішпен екінші орын алды. Бұл оның жеке рекорды.

Ольга Сафронова да күміс жүлдегер атанып отыр. Ол 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәреге екінші келді. Уақыты – 7.35 секунд.

1500 метрге жүгіруде Аяна Болатбекқызы 4:37:20 минут уақытпен мәрені үшінші болып кесті және қола жүлдегер атанды.

Ал, Мария Ефремова үш рет секіруде 13.48 метрді бағындырып, үшінші орынға табан тіреді», - делінген аталған хабарламада.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам