ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Демеу Жадыраев пен Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

13.05.2026, 19:50

Қазақстан кубогында грек-рим күресінің үздіктері анықталды

Демеу Жадыраев пен Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды
Коллаж 1bol.kz

77 келіге дейінгі салмақта тәжірибелі балуан Демеу Жадыраев чемпион атанды. Финалда ол Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Қаһарман Қисметов қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали топ жарды. Шешуші белдесуде ол Ербол Қамалиевті сенімді жеңіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды.

Ал 63 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов финалда жамбылдық Дәулет Әшірхановты ұтып, турнирдің алтын жүлдесін жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан Кубогында тәжірибелі әрі атақты балуандар өз деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам