Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандықтар үстел теннисінен Түркияда қола жүлдегер атанды

Бүгін, 10:28

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар үстел теннисінен Түркияда қола жүлдегер атанды
ҰОК

Қазақстандық үстел теннисшілері Алан Құрманғалиев пен Зәуреш Ақашева Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен WTT Feeder Istanbul турнирінде жүлдегер атанды.

Отандастарымыз аралас жұптық бәсекеде қола медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында қазақстандық жұп Хакан Ышық/Өзге Йылмаз (Түркия) жұбын 3:2, Эдвард Ли/Мо Чжан (Канада) тандемін 3:0, сондай-ақ Анастасиос Риниотис/Элисавет Терпу (Грекия) жұбын 3:1 есебімен жеңді.

Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Чхве Дживук/Ким Ынсо (Оңтүстік Корея) жұбына 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам