Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Қазақстан парадзюдошылары Германиядан бес жүлде иеленді

19.02.2024, 11:27

Оның екеуі алтын медаль 

Қазақстан парадзюдошылары Германиядан бес жүлде иеленді
Фото ашық дереккөзден

Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде +70 келіде Зарина Раифова чемпион атанды.

Қазақстандық татами шеберлері үшін табысты аяқталған сында ұлттық құрама мүшелері 5 медаль олжалады.

Қазақстан пара дзюдо федерациясының мәліметінше, Зарина Раифова J2 санаты бойынша чемпион атанып отыр. Ол финалда кубалық қарсыласынан вазари әдісімен басым түсті. 

Бұдан бөлек, Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. 

Ал ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша +90 кг салмақта үшінші орынға ие болды. 

Бұл сында Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алып, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола жүлде болып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт