Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Албанияда күрестен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді

20.02.2024, 00:51

Аталған жарыс 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келеді

Албанияда күрестен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді
olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілмеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізетін болды.

Дүниежүзілік біріншілік 28-31 қазан аралығында Албанияда өтеді. Тирана қаласында жалауы желбірейтін жарыстан бұрын 21-27 қазан күндері 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына еркін күрестен 61, 70, 79 және 92, әйелдер күресінен 55, 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесі енгізілмегені белгілі. Бұдан бөлек, Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақ дәрежесінде белдесетін балуандар жарыстан тыс қалып отыр.

Аталған әлем чемпионаты ең алғаш рет 2016 жылы өткен еді. Венгрия астанасы Будапеште өткен сында еркін күрестен отандасымыз Нұрлан Бекжанов 70 келіде күміс медаль иеленсе, әйелдер арасында Айым Әбділдина 55 келіде қола медальға қол жеткізген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам