Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нұрмұхамет Ботабай European Open халықаралық турнирінде алтын алды

18.05.2026, 09:40

Қазақ дзюдошысы финалда АҚШ өкілін жеңді

Нұрмұхамет Ботабай European Open халықаралық турнирінде алтын алды
ҰОК

Испанияның Бенидорм қаласында дзюдодан European Open халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы бір алтын медаль жеңіп алды. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрмұхамет Ботабай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, турнир жеңімпазы атанды.

Қазақ дзюдошысы финалда АҚШ өкілі Ари Берлинерден басым түсіп, алтын жүлдені иеленді.

Сондай-ақ Испаниядағы додада Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Ақжігіт Насыр (66 келіге дейін) және Дастан Шаяхметов (73 келіге дейін) бесінші орынға тұрақтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам