Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталады
Бүгін, 18 мамырда Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты басталады.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы сынға түседі:
- Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру)
- Елизавета Матвеева (биіктікке секіру)
- Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)
- Мария Ефремова (үш қарғып секіру)
- Полина Иванова (сырықпен секіру)
Чемпионаттың алғашқы жарыс күнінде Елизавета Матвеева, Надежда Дубовицкая және Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді.