Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлде алды

Бүгін, 12:44

Отандасымыз жартылай финалда Иордания өкілі Жаафар әл-Даудқа есе жіберді

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлде алды
Қазақстан таеквондо федерациясының (WT) баспасөз қызметі

Еркебұлан Еңсегенов ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды 

Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда басталған таеквондодан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Ұлттық құрама спортшысы Еркебұлан Еңсегенов -54 кг салмақта үздік үштікті түйіндеді. Алғаш рет ересектер санатында құрлық бәсекесінде күш сынаған отандасымыз аса тартысты жартылай финалда Иордания өкілі Жаафар әл-Даудқа есе жіберді. Есеп: 1-2.

Бүгін іріктеуде Еңсегенов Қытай және Филиппин спортшысынан басым түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам