Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Волейболдан әйелдер құрамасы Азия кубогының жартылай финалына шықты

11.06.2026, 12:19

Қазақстан әйелдер құрамасы Ливан құрамасын еш қиындықсыз 3:0 есебімен жеңді

Волейболдан әйелдер құрамасы Азия кубогының жартылай финалына шықты
ҰОК

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия кубогының жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Асқар Шалқыбеков шәкірттері топтық кезеңдегі төртінші матчта Ливан құрамасын еш қиындықсыз 3:0 есебімен жеңді. Кездесу 25:11, 25:19, 25:14 есебімен аяқталды.

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 12 ұпай бар. Нәтижесінде ұлттық құрама топтағы алғашқы екі орынның бірін мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, Азия кубогының жартылай финалына шықты.

Қазақстандық волейболшылар топтық кезеңдегі соңғы ойынын Вьетнам құрамасына қарсы өткізеді. Бұл матчта В тобындағы бірінші орын иесі анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Гонконгты (3:1), Индонезияны (3:0) және Иранды (3:1) жеңген болатын.

Қазіргі таңда А тобында Филиппин, Қытай Тайбэйі, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Өзбекстан және Аустралия құрамалары жартылай финал жолдамасы үшін күресіп жатыр. Әзірге Оңтүстік Корея мен Қытай Тайбэйі көш бастап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам