Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шахматшы Алуа Нұрманнан сенсация: Әлем чемпионымен тең түсіп, күміс жүлде алды

24.06.2026, 20:35

Қазақстандық шахматшы Гонконгте әлем элитасын таңғалдырды

Шахматшы Алуа Нұрманнан сенсация: Әлем чемпионымен тең түсіп, күміс жүлде алды
Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Гонконгте өткен ФИДЕ-нің командалық әлем чемпионатында (рапид және блиц) сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар ол әлемдік рейтингте екінші орында тұрған шахматшыны тізе бүктіріп, турнирдің жарқын сенсацияларының біріне айналды.

Жарыста Қазақстанның Barys командасы жоғары нәтиже көрсетіп, басты фавориттердің бірі саналатын WR Chess ұжымын 4:2 есебімен жеңді. Қарсылас сапында әлемнің үздік гроссмейстерлері, оның ішінде Магнус Карлсен мен Фабиано Каруана өнер көрсеткен болатын.

Сондай-ақ қазақстандық команда кейін қола жүлдегер атанған Hexamind ұжымымен тең түссе, соңғы турда үндістандық MGD1 командасына жол беріп, жалпы есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Алуа Нұрман үшін турнирдің басты жетістіктерінің бірі әйелдер тақтасындағы күміс медаль болды. Қазақстандық шахматшы жарыс барысында әйелдер арасындағы 12-әлем чемпионын, өткен жылғы Әлем кубогының жеңімпазын жеңіп, қазіргі әлем чемпионымен тең түсті.

Бұдан бөлек, Нұрман әлемдік рейтингте екінші орында тұрған шахматшыға қарсы жеке матчта 1,5:0,5 есебімен басым түсіп, өзінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Блиц бағдарламасында Barys командасы плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ширек финалға берілер жолда қазақстандық ұжым Қытайдың Dragon Chilling командасымен кездесіп, алғашқы матчта 3:3 есебімен тең ойнады. Алайда екінші кездесуде 2:4 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады. Кейін дәл осы Dragon Chilling командасы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам