Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қытайдағы дзюдодан Гран-при: Елдос Сметов ширек финалға шықты

Бүгін, 09:46

Атақты дзюдошы әзербайжандық Балабай Агаевке қарсы белдесуде жеңіске жетті

Қытайдағы дзюдодан Гран-при: Елдос Сметов ширек финалға шықты
ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді.

Атақты дзюдошы әзербайжандық Балабай Агаевке қарсы белдесуде жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Сметовке 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді. Енді оның қарсыласы Энцо Джин (Франция) мен Тугол Канатбек Уулу (Қырғызстан) арасындағы белдесудің жеңімпазы болады.

Еске сала кетейік, алғашқы белдесуде Елдос Сметов Қытай өкілі Сунь Цзяхаоны жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам