Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңілді

Бүгін, 10:08

Дзюдошы Қытайдағы элиталық турнирде сенсациялық жеңіліске ұшырады

Абиба Әбужақынова 26 жастағы әзербайжандық дзюдошыдан жеңілді
ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-при турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбасшысы алғашқы белдесуінде әзербайжандық Шафаг Хамидовамен кездесті. 26 жастағы қарсыласы бұған дейін 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында қола жүлде алғанымен танылған.

Дегенмен бұл жолы Хамидова жарыстың басты фавориттерінің бірі саналған Абибаға қарсы сенімді өнер көрсетті. Белдесу барысында әзербайжандық дзюдошы екі «юко» ұпайын еншілеп, кейіннен «иппон» әдісімен жеңіске жетті.

Осылайша Әбужақынова Циндао Гран-приіндегі жорығын ерте аяқтады. Қазақстандық спортшы турнирде жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, Абиба бұған дейін Австрияның Линц қаласында өткен Гран-при кезеңінде де жүлдеге іліге алмаған еді. Ол жарыста қазақстандық дзюдошы қола медаль үшін белдесуде жеңіліп, бесінші орын алған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам