Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Халқаралық жарыстарда жүлде алатын балуандарға берілетін сыйақы мөлшері бекітілді

Бүгін, 11:42

Арнайы сыйақы жүйесінің енгізілуі спортшылардың мотивациясын арттырады

Халқаралық жарыстарда жүлде алатын балуандарға берілетін сыйақы мөлшері бекітілді
Қазақстан күрес федерациясы

Қазақстан күрес федерациясы халықаралық деңгейдегі жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын ынталандыру мақсатында арнайы сыйақы жүйесін бекітті.

Енді Олимпиада ойындары, әлем чемпионаттары, Азия ойындары және Азия чемпионаттарында жүлдеге ие болған қазақстандық балуандар мен олардың бапкерлері мемлекет тарапынан төленетін сыйақымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының арнайы ақшалай сыйақысын да алады.

Бұл бастама ұлттық құраманың әлеуетін арттыруға, спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегін лайықты бағалауға және елімізде күрес спортын одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шешімдердің бірі саналады.

Олимпиада ойындары

  • Алтын медаль: спортшыға – 150 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 15 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 30 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 100 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 10 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 20 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 50 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 5 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 10 000 АҚШ доллары.

Ересектер арасындағы әлем чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 100 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 10 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 20 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 50 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 5 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 10 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 25 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 2 500 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 5 000 АҚШ доллары.

Азия ойындары

  • Алтын медаль: спортшыға – 100 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 10 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 20 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 50 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 5 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 10 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 25 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 2 500 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 5 000 АҚШ доллары.

Ересектер арасындағы Азия чемпионаты

  • Алтын медаль: спортшыға – 30 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 3 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 6 000 АҚШ доллары.
  • Күміс медаль: спортшыға – 20 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 2 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 4 000 АҚШ доллары.
  • Қола медаль: спортшыға – 10 000 АҚШ доллары, бас бапкерге – 1 000 АҚШ доллары, жеке бапкерге – 2 000 АҚШ доллары.

Қазақстан күрес федерациясы бұл бастама еліміздің үздік балуандары мен жаттықтырушыларын қолдаудың жаңа кезеңі екенін атап өтті. Федерация алдағы уақытта да спортшылардың халықаралық ареналарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін қажетті жағдай жасап, оларды жан-жақты қолдау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Арнайы сыйақы жүйесінің енгізілуі спортшылардың мотивациясын арттырып қана қоймай, ұлттық құраманың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және Қазақстан күресінің халықаралық деңгейдегі жетістіктерін еселеуге ықпал етеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам