Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркін күрестен Ресей чемпионатында 10 алтынның тоғызын дағыстандық балуандар жеңіп алды

Бүгін, 12:17
Еркін күрестен Ресей чемпионатында 10 алтынның тоғызын дағыстандық балуандар жеңіп алды
Ресей күрес федерациясы

Еркін күрестен Ресей чемпионаты аяқталды. Биылғы жарыстың басты жаңалығы – дағыстандық балуандар рекордтық деңгейде алтын медаль жеңіп, өз көрсеткішін жақсартып алды.

Айта кету керек, былтырғы ел біріншілігінде 10 салмақ дәрежесінің сегізінде Дағыстан өкілдері жеңіс тұғырына көтерілген. Биыл олар тоғыз салмақта финалға шығып, бәрінде де топ жарды.

Ең тартысты белдесу 97 кг салмақ дәрежесінде өрбіген. Еуропа чемпионы Магомед Курбанов өз жерлесі Мухамед-Тахир Ханиевпен күресіп, есеп 4:4 болып аяқталды. Соңғы әдісті Курбанов жасағандықтан жеңіс де соған берілді.

Жалпы, финалда белдескен жиырма балуанның 14-і Дағыстан күрес мектебінің өкілдері. Олар бұл чемпионатта барлығы 20 медаль жеңіп алды: 9 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам