ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстандық параспортшы Гузал Ергешева Англияда қайтыс болды

Бүгін, 11:17

Спортшы түнде ұйықтап жатқан кезінде талмасы ұстап, қайтыс болған

Қазақстандық параспортшы Гузал Ергешева Англияда қайтыс болды
facebook.com/Guzlama

Қазақстандық спортшы және пауэрлифтингші Гузал Ергешева 8 тамызда Англияда қайтыс болды. Параспортшы соңғы уақытта күйеуімен бірге Ұлыбританияда тұрған.

Қаралы хабарды тележүргізуші Әдел Оразалинова әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. Ол Гузал Ергешевамен 30 жылға жуық уақыт бойы жақын дос болғанын айтты.

Оразалинованың мәліметінше, спортшы түнде ұйықтап жатқан кезінде талмасы ұстап, қайтыс болған. Қайғылы жағдайға дейін бір күн бұрын Ергешева күйеуінің туыстарымен уақыт өткізіп, кейін досымен кездескен.

«Ол жүрегі махаббатқа толы, сүйікті, жарқын, алға қойған жоспары көп және достыққа адал жан еді», – деп жазды Әдел Оразалинова.

Қазір Гузал Ергешеваның отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу мәселесін ұйымдастырып жатыр. Осыған байланысты Әдел Оразалинова әлеуметтік желідегі оқырмандарынан Ұлыбританиядан Қазақстанға репатриация жасау тәртібі туралы ақпаратпен бөлісуді сұрады.

Сондай-ақ ол Қазақстан консулдығының өкілдерімен байланыс орнатуға көмектесуді өтінді.

Айта кетейік, 2017 жылы Гузал Ергешева Канадада өткен бойы аласа спортшылар арасындағы пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам