Қазақстандық жас таеквондошылар Ресейде үш медаль жеңіп алды

Любовь Юн күміс жүлдегер атанды

ҰОК
ҰОК

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдің Одинцово қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі.

68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы салмақта Нұрила Жарас қола жүлдеге ие болды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам