Ауыр атлет Ксения Прозорова Азия чемпионы атанды

Ксения 204 (94+110) келі көтерді

ҰОК
ҰОК

Ташкентте (Өзбекстан) жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыстың кезекті күнінде Қазақстандық Ксения Прозорова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Спортшы 61 келіге дейінгі жасөспірімдер санатында Азия чемпионы атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Ксения 204 (94+110) келі көтерді.

Екінші орынды Өзбекстан өкілі Муниса Балтаева 200 (89+111) келі нәтижесімен иеленді. Иран спортшысы Хажар Седе 195 (90+105) келіні еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам