ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирді тең нәтижемен бастады

Бүгін, 13:32

Биылғы турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирді тең нәтижемен бастады
FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 супертурниріндегі алғашқы партиясын тең нәтижемен аяқтады.

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Асаубаева бірінші турда Украина өкілі, FIDE рейтингінде жетінші сатыдағы Анна Музичукпен кездесті. Қара түспен ойнаған қазақстандық шахматшы қарсыласымен тең түсіп, партияны ұпай бөлісумен аяқтады.

Асаубаеваның алдағы турлардағы қарсыластары белгілі:

  • 11 тамыз – Рамешбабу Вайшали (Үндістан);
  • 12 тамыз – Элис Ли (АҚШ);
  • 13 тамыз – Ставрула Цолакиду (Грекия);
  • 14 тамыз – Хампи Конеру (Үндістан);
  • 15 тамыз – демалыс күні;
  • 16 тамыз – Тань Чжунъи (Қытай);
  • 17 тамыз – Карисса Йип (АҚШ);
  • 18 тамыз – Дивья Дешмух (Үндістан);
  • 19 тамыз – Александра Костенюк (Швейцария).

Айта кетейік, Cairns Cup – әйелдер шахматындағы беделді жарыстардың бірі. Биылғы турнирдің жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам