ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске жете алмай келеді

Бүгін, 10:02
Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы турнирде жеңіске жете алмай келеді
FIDE

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан Cairns Cup 2026 супертурниріндегі екінші партиясын да тең нәтижемен аяқтады.

Әлемнің бесінші шахматшысы бұл жолы үндістандық Рамешбабу Вайшалимен кездесті. FIDE рейтингінде 14-орында тұрған қарсыласына қарсы ақ тастармен ойнаған Асаубаева жеңімпазды анықтай алмады.

Осылайша, қазақстандық гроссмейстер турнирдегі алғашқы екі турында да тең түсіп, екі партиядан кейін 1 ұпай жинады. Еске салайық, алғашқы турда ол Украина өкілі Анна Музичукпен де тең ойнаған болатын.

Турнир кестесіндегі жағдай

Екі тур қорытындысы бойынша Қытай өкілі Тань Чжунъи мен америкалық Элис Ли 2 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Бибісара Асаубаева 1 ұпаймен 3–7 орындарды бөлісіп келеді.

Алда кімдермен ойнайды?

Бибісараны алдағы турларда тағы бірнеше мықты қарсылас күтіп тұр:

  • 12 тамыз – Элис Ли (АҚШ);

  • 13 тамыз – Ставрула Цолакиду (Грекия);

  • 14 тамыз – Хампи Конеру (Үндістан);

  • 16 тамыз – Тань Чжунъи (Қытай);

  • 17 тамыз – Карисса Йип (АҚШ);

  • 18 тамыз – Дивья Дешмух (Үндістан);

  • 19 тамыз – Александра Костенюк (Швейцария).

Айта кетейік, Cairns Cup 2026 – әйелдер арасындағы ең беделді шахмат турнирлерінің бірі. Биылғы жарыстың жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам