ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

ШҚО әкімі әлем чемпионы атанған семсерлесушілерге пәтер берді

Бүгін, 14:53

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов спортшыларға пәтер сертификаттарын табыстады

ШҚО әкімі әлем чемпионы атанған семсерлесушілерге пәтер берді
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстанның Спорт күніне орай үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Олардың қатарында биыл ел тарихында алғаш рет командалық семсерлесуден әлем чемпиондары атанған Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов бар.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов спортшыларға пәтер сертификаттарын табыстады. Ал чемпиондарды дайындаған жаттықтырушылар Сергей Шабалин, Ксения Вендерских және Данияр Әбіловке ақшалай сертификаттар берілді.

Айта кетейік, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов Қазақстан тарихында командалық семсерлесуден әлем чемпиондығын жеңіп алған алғашқы спортшылар атанды.

Марапаттау рәсімінде спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар да құрметке ие болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам