ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Әлішер Ерғалидің грек-рим күресіндегі дебюті сәтсіз аяқталды

Бүгін, 11:44

Бұған дейін еркін күресте Қазақстан намысын қорғаған балуан жүлдесіз қалды

Әлішер Ерғалидің грек-рим күресіндегі дебюті сәтсіз аяқталды
ҰОК

Әлішер Ерғали грек-рим күресіндегі алғашқы халықаралық турнирінде жүлдеге іліге алмады. Бұған дейін еркін күресте Қазақстан намысын қорғаған Әлішер Ерғали грек-рим күресіндегі алғашқы халықаралық жарысында медальсыз қалды. 14-16 тамыз күндері Дортмундта өткен Германия Гран-приінде ол 130 келіге дейінгі салмақта төрт белдесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті.

Топтық кезеңде Ерғали германиялық Йелло Крамерді 5:0 есебімен ұтты. Алайда келесі белдесуде Патрик Ноймайерге 1:3 есебімен жол берді.

Жартылай финалда қазақстандық Джохар Ұзаровтан да 1:3 есебімен жеңілді. Қола жүлде үшін өткен кездесуде Германия өкілі Франц Рихтерден дәл сондай есеппен ұтылып, турнирді жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ерғали грек-рим күресінен тек республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысқан. Германиядағы турнир оның осы күрес түріндегі алғашқы халықаралық сынағы болды.

27 жастағы балуан еркін күресте Қазақстан құрамасының негізгі мүшелерінің бірі саналған. Ол жасөспірімдер мен жастар арасында Азия және әлем чемпионаттарында бірнеше рет жүлде жеңіп, ересектер арасында да Азия чемпионаттарының жүлдегері атанды. Сонымен қатар 2021 және 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам