Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды
Қазақстан таеквондодан Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Отандастарымыз аталған турнирде екі мәрте жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева қола жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, халықаралық турнир 20 тамызға дейін жалғасады.