ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бүгін, 10:11

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды

Ғабит Расулхан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан Эквадордың Гуаякиль қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда Канада спортшысы Роман Семирозумды жеңді. Сондай-ақ, ол финалға дейін Алжир, Түркия, Украина, Жапония дзюдошыларын жарыс жолынан шығарды.

Сонымен қатар, ел қоржынына Әділжан Нұрбекен (-50 кг) мен Адия Жанахмет (-40 кг) - күміс, Бекарыс Құдайберген (-50 кг) мен Ахмет Баубек (-60 кг) қола жүлдені салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде-ақ 1 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде көш бастады.

23 тамызға дейін жалғасатын әлем біріншілігіне 59 елден 457 жас татами шебері қатысып жатыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам