Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Ронда Роузи Олимпиада мен аралас жекпе-жек арасындағы сыйақы мөлшерін салыстырды

29.02.2024, 15:56

Даңқты спортшы қазір рестлинг-промоушнда өнер көрсетеді

Ронда Роузи Олимпиада мен аралас жекпе-жек арасындағы сыйақы мөлшерін салыстырды
Фото ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жек шебері, дзюдодан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ронда Роузи өзінің спорттық мансабындағы сыйақылары туралы айтты. Ол АҚШ ұлттық құрамасы қатарында өнер көрсеткен кезінде қаржыдан қатты тарыққанын мысалға келтірді.

Айтуынша, оған Бейжің олимпиадасында жүлдегер атанғанда небәрі 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілген. Соның өзінде қаржының тек жартысы ғана қолына тиген.

«2008 жылы Бейжің олимпиадасында қола жүлдегер атанғанда маған 10 мың АҚШ долларын берді. Оның жартысын салыққа ұстады. Ол ақша маған көліктің жарты ақшасын төлеуге жетпеді. Дзюдодан екі Олимпиадаға қатыстым. АҚШ тарихында дзюдодан Олимпиада жүлдесін иеленсем де осыдан кейін маған медаль үшін алғыс айтып, алдағы күндеріме сәттілік тіледі. Маған стипендия төленбеді, жұмыс табуыма көмектеспеді. АҚШ-та Олимпиада деңгейіндегі спортшы болсаң өзің демеуші табуың керек. Кейбір спорт түрлерінде аздаған стипендия төленеді. Сондықтан көбі өзі күн көреді. ММА маған нағыз жұмысты берді. Бұл жерде мен АҚШ үшін емес, жеке атымнан сынға түсе бастадым. Тіпті, косметика қолдана бастадым. Дзюдода жүргенде менің келбетімнің қалай көрінетініне түкіргенім бар еді», - деді ол. 

Кейін спортшы UFC-де өнер көрсетіп, жетістікке қол жеткізгені белгілі. Ол дзюдодан 70 келіде күресіп, 2007 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, 2008 жылы Олимпиадада үштікке енген. Сондай-ақ, 2007 жылы Панамерика ойындарында алтынан алқа тақты.

Бүгінде АҚШ спортшылары Олимпиадада жүлде алғанда мемлекет есебімен сыйақы беріледі. Мәселен, Олимпиада чемпионы – 37500 доллар, күміс жүлдегер – 22 мың, ал қола медаль иелегері 15 мың доллар сыйақы алады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам