Қазақстандық жүзгіштер 14 рет Азия рекордын жаңартты
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында жүзу спорт түрлерінен XI Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы аталған жарыста тарихи жетістікке жетті деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Жарыстың соңғы күнінде қазақстандық жүзгіштер 6 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында 20 алтын, 11 күміс және 5 қола жүлде бар. Мұндай нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте Жапонияға ғана жол беріп, екінші орын алды.
Чемпионат барысында Қазақстан спортшылары Азияның 14 рекордын, Қазақстанның 3 рекордын жаңартты.
1 наурызда суға секіруден Азия чемпионаты аяқталады. Қазірдің өзінде Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль иеленіп отыр.