Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Данияр Шамшаев Ташкент Гранд Слэмінің жартылай финалына жетті

02.03.2024, 12:47

Қалған балуандар тағы жеңілді

Данияр Шамшаев Ташкент Гранд Слэмінің жартылай финалына жетті
olympic.kz

Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэмде қазақстандық Данияр Шамшаев жартылай финалға шықты. 

Отандасымыз бұл сында 73 келіде белдесіп, ширек финалда ресейлік Махмадбек Махмадбековті жеңді. Ол бұған дейін іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан және Словения балуандарынан басым түскен еді. Д.Шамшаев енді жартылай финалдық сында Ресей балуанымен күреседі.

Ал 81 келіде Ресей балуаны Давид Карапетянды айқын басымдықпен жеңген Абылайхан Жұбаназар 1/8 финалда мароккалық Ашраф Моуитимен өзара мықтыны анықтамақ.

Бүгінгі сында 73 келіде Асқар Нарқұлов Польша балуанына жол берді. Ал 81 келіде Руслан Мұсаев Өзбекстан балуанына қарсы қауқар таныта алмады. Әйелдер арасында 63 келіде Кристина Сотникова Италия балуанына есе жіберіп қойды. Осы салмақта күресуі тиіс болған Есмигүл Құйылова татамиге шықпай қалды. 

Ташкент Гранд Слэмінің алғашқы жарыс күнінде 48 келіде қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шығып, күміс жүлдеге ие болғаны белгілі. Ал Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов жарысты 7-орынмен аяқтап отыр.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам