Дэйзи Джепкемей Азия ойындарында төртінші боп келді

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында ТОП-5-ке енді

ҰОК
ҰОК

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Дэйзи Джепкемей Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азиаданың ақтық бәсекесінде сынға түсті.

Қазақстандық спортшы 10 000 метрге жүгіруден финалда төртінші орын алды. Дэйзи қашықтықты 33:03.21 уақытта жүгіріп өтті.

Винфред Яви (Бахрейн) бәсекеде топ жарды - 32:39.18. Жапониялық Нодзоми Танака екінші орын алды - 32:41.54. Ал үндістандық Сима қола жүлдегер атанды - 32:50.05.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам