Бұл – Қазақстан қыздар құрамасының Азия ойындарындағы соңғы матчы
Жапониядағы Азия ойындарында Қазақстанның гандболшы қыздары Өзбекстан құрамасын 35:20 есебімен ойсырата жеңді.
Матч бастала салысымен Қазақстан құрамасы ойындағы басымдықты өз қолына алып, әр шабуылын нәтижелі аяқтап отырды. Өзбек қыздары негізінен қорғаныста ойнап, 15 доп айырмасымен жеңілді.
Бұл – Қазақстан қыздар құрамасының Азия ойындарындағы соңғы матчы. Барлығы алты ойын өткізген біздің команда үшеуінде жеңіп, үшеуінде жеңілді. Атап айтқанда, Қытайға (24:34), Оңтүстік Кореяға (18:42) және Жапонияға (24:39) есе жіберсе, Вьетнам, Гонконг пен Өзбекстанға қарсы болған матчтарда жеңіске жетті.
Айта кету керек, Қазақстан қыздар құрамасы 2002 және 2006 жылдары Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алған. Ал, 2014 жылы қола жүлдегер атанған.