Жазғы Азия ойындары 4 қазанда мәресіне жетеді
Аичи және Нагое қалаларында (Жапония) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының медальдық кестесінде Қазақстан төртіншіден бесінші орынға төменеді. Біздің команданы өкшелеп келген Өзбекстан спортшылары бүгін сегізінші алтын медаліне қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Қазіргі таңда Қазақстан командасында барлығы 35 медаль бар. Оның сегізі – алтын, сегізі – күміс және он тоғызы – қола жүлде. 26 қыркүйекте біздің спортшылар қоржынға бес қола медаль түсіргенімен медальдық кестедегі төртінші орнын сақтап қала алмады.
Өзбекстан командасында да сегіз алтын медал бар. Алайда, олардың күмісі біздікінен әолеқайда көп, жалпы саны – 17. Сондай-ақ, тоғыз қола жүлдесі тағы бар.
Таиланд спортшылары да 8 алтын жүлде жеңіп алған. Алайда, жеті күміспен алтыншы орынға тұрақтады.
Жалпыкомандалық есептегі алғашқы үштік:
Жазғы Азия ойындары 4 қазанда мәресіне жетеді.