Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын жүлде түсті. Бұл жолы жеңілатлет Ясмина Тоқсанбаева жеңіс тұғырына көтерілді.
Отандасымыз спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті. Ол жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады.
Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті – 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі. Осылайша Қазақстан командасы жалпы медальдар есебінде Өзбекстанды артқа тастап, қайта төртінші орынға көтерілді.