Нора Джеруто Тануи Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Отандасымыздың уақыт көрсеткіші - 9 минут, 6.82 секунд

ҰОК
ҰОК

Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетикада стадионында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жүлде сарапқа салынды.

Финалда Нора Джеруто Тануи мәреге 2-ші болып жетті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші - 9 минут, 6.82 секунд. Осылайша, жеңіл атлетикадан Ұлттық құрама қоржынына кезекті күміс медаль түсті.

Мұнда Бахрейн өкілі Уинфред Яви Азия ойындарының рекордын орнатып, алтын медаль жеңіп алды. Үздік үштікті Парул Чаудхари (Үндістан) түйіндеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам