Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан пара дзюдошылары Азия Ойындарында қос алтынға қол жеткізді

24.10.2023, 15:34

Сондай-ақ, қоржынымыз күміс және қола медальдармен толықты

Қазақстан пара дзюдошылары Азия Ойындарында қос алтынға қол жеткізді
Фото ашық дереккөзден

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарының аясында Қазақстан спортшылары екі алтын, бір күміс, қос қола жүлдені иеленді.

Дзюдодадан финалға шыққан қос отандасымыз пара Азия Ойындарының алтын жүлдесіне таласқан болатын. Шешуші кездесуде Ерғали Шамей Асылан Нұрдәулетовтен басым түсті.

Осылайша қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді сыйлады. 

Ал Олжас Оразәліұлы 73 келіде үздік атанды. Финалға дейін сүрінбей жеткен қазақстандық татами шебері өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңіп, еліміздің әнұранын шырқатты.

Сондай-ақ, Даяна Федосова 57 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін белдесуде үнді спортшысын ұтып, сары құрлық ойындарының мадаліне ие болды.

Бұдан бөлек, Бауыржан Арыстанбеков Индонезиядан келген палуанды жеңді. Жекпе-жек J1 санаты бойынша 90 кг салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында өткен болатын. Тағы бір қазақ дзюдошысы Динара Құтжолова да қола жүлдеге қол жеткізді. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін сайыста отандасымыз өзбек спортшысы Мұхарраммхон Абдусаматованы қапы қалдырды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам