Диёра Келдиёрова ана атанғаннан кейін алғаш рет татамиге шығады

Өзбекстандық дзюдошы Қазақстанда өтетін Aktau Asian Open 2026 халықаралық турниріне қатысады

Өзбекстан ҰОК
Өзбекстан ҰОК

Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Диёра Келдиёрова екі жылға жуық үзілістен кейін ресми жарыстарға қайта оралады.

Өзбекстандық дзюдошы Қазақстанда өтетін Aktau Asian Open 2026 халықаралық турниріне қатысуға өтінім берді. Жарыс 17-18 қазанда Ақтау қаласында өтеді. Келдиёрова өзінің негізгі салмағы — 52 келіге дейінгі санатта татамиге шығады.

Бұл өзбекстандық спортшы үшін 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы ресми жарыс болмақ. Ол Олимпиададан кейін халықаралық додаларға қатысқан жоқ.

Сонымен қатар Келдиёрова ана атанғаннан кейін алғаш рет ресми түрде татамиге оралмақ.

Диёра Келдиёрова Париж Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ ол әлем чемпионатында екі рет күміс жүлдеге ие болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам