Екі қазақ дзюдошысы Азиада финалына таласады

Ғұсман Қырғызбаев финалға шығу үшін Моңғолияның қазақ дзюдошысымен кездеседі

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты.

Отандасымыз ширек финалда Бахрейн өкілі Сухроб Бокиевпен белдесті. Тартысты өткен кездесудің негізгі уақыты жеңімпазды анықтай алмай, белдесу Golden Score кезеңіне жалғасты. Қырғызбаев қосымша уақытта қарсыласын «юко» әдісімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Енді Ғұсман Қырғызбаев финалға шығу үшін Моңғолияда дүниеге келген этникалық қазақ Ёолк Кадербекпен кездеседі. Моңғолия атынан өнер көрсететін Кадербек те 66 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға жетті. Ол бұған дейін әлем чемпионатының жүлдегері атанған.

Осылайша Азия ойындарының финалына берілетін жолдама үшін Қазақстан мен Моңғолия өкілдері, оның ішінде этникалық қазақтар арасында тартысты белдесу өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам