Отандасымыз жартылай финалда Вьетнам өкілі Тхи Нгуенмен жұдырықтасты
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Вьетнам өкілі Тхи Нгуенмен жұдырықтасты. Белдесуде қарсыласы басым түсіп, Балқыбекова финалға өте алмады.
Осылайша, Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында бокстан жарыстар жалғасып жатыр.