Жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юнвэймен белдесті
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында финалға жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Ян Юнвэймен белдесті. Сметов қарсыласын жеңіп, жарыстың шешуші кезеңіне өтті.
Осылайша, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарының кем дегенде күміс жүлдесін қоржынына салды. Енді ол алтын медаль үшін татамиге шығады.
Дзюдодан Азия ойындарының финалдық белдесулері бүгін сағат 13:00-де басталады.