Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Тайбэй өкілі Чэнь Хао Линді жеңді
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Аичи-Нагоядағы Азия ойындарында 48 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алды.
Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Тайбэй өкілі Чэнь Хао Линді жеңді.
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі саналатын Әбужақынова жарыстың шешуші кезеңіне дейін сүрінбей жетіп, енді Азия ойындарының алтыны үшін татамиге шығады.
Осылайша, отандасымыз кем дегенде күміс жүлдені қоржынына салды. Ал финалдағы жеңіс Абиба Әбужақыноваға Азия ойындарының чемпионы атануға мүмкіндік береді.
Енді қазақстандық дзюдошының финалдағы қарсыласы анықталады.