Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Мансабын аяқтаған армян балуаны Париж олимпиадасына қатыспақшы

04.03.2024, 10:13

Ол бұрын әлем чемпионы және жүлдегері де болған

Мансабын аяқтаған армян балуаны Париж олимпиадасына қатыспақшы
Фото ашық дереккөзден

Грек-рим күресінен Лондон олимпиадасында күміс жүлдегер атанған Армения балуаны Арсен Джулфалакян спорттық мансабын аяқтаған соң араға уақыт салып бозкілемге қайта оралды.

Армян балуаны 2020 жылы спорттан біржола кеткен еді. Алайда, қайта оралуды шешкен спортшы енді Аргентина атынан сынға түсуді көздеп отыр. 

Қаңтар айында Францияда өткен Гран-При турнирінде күрескен Джулфалакян күміс медальға қол жеткізді. Ақпан айының соңында Мексиканың Акапулько қаласында өткен Олимпиада жолдамасын үлестіретін Панамерика чемпионатына қатысқан балуан ширек финалда сүрінді.

Енді армян балуаны мамырда Стамбұлда өтетін іріктеу турнирінде бақ сынамақ. 

Айта кететін жайт, Арсен Джулфалакян әлем чемпионаттарында 4 рет жүлде алған. Ол 2014 жылы Ташкентте өткен біріншілікте жеңімаз атанды. Ал 2012 жылы Лондонда өткен ойындарда 74 келіде финалға шығып, ресейлік Роман Власовқа есе жіберді.

Армян балуаны спорттық мансабын аяқтаған соң шеберлік сағатын өткізуге Қазақстанға арнайы келген еді. Ол 2021 жылы Талдықорғанда болып, жерлігілікті жас спортшылармен өз тәжірибесін бөліскен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт