Есмигүл Куюлова өзбек дзюдошысын жеңіп, Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері болды

Отандасымыз өзбекстандық Маржона Нуруллоеваны жеңіп, жүлдегер атанды.

ҰОК
ҰОК

63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық дзюдошы Есмигүл Куюлова Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.

Қола медаль үшін өткен белдесуде отандасымыз өзбекстандық Маржона Нуруллоеваны жеңіп, жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Есмигүл Куюлова 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, ол Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды. 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам