Финалдық кезең Астана уақыты бойынша 10:30-да басталады
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан екінші жарыс күні басталды.
77 келідегі Болатбек Сейілхан жұбаныш белдесуінде Таиланд спортшысы Чанвит Аунжайды 50:0 есебімен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға дейін жеткен Адлан Мадаевпен 3-орын үшін таласатын болды.
Финалдық кезең Астана уақыты бойынша 10:30-да басталады.