Ризабек Айтмұқан – еркін күрестен Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы балуан
Азия ойындарында Қазақстанның басты үміті саналған балуан Ризабек Айтмұхан жүлдесіз қалды. 97 келіде белдескен еркін күрес шебері ширек финалдан аса алған жоқ.
Жартылай финалға берілер жолдаманы Ризабек жапон балуаны Араш Ёсидамен сарапқа салды. Белдесу тартысты өтті деп айтуға келмейді, Жапония өкілі 11:1 есебімен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.
Ёсида финалға шықса Ризабектің жұбаныш белдесуін өткізіп, қола медальға таласу мүмкіндігі бар еді. Алайда, жапон балуаны жартылай финалда ирандық Амирали Азарпирадан жеңіліп қалды. Осылайша Ризабек Айтмұқанның да жүлдеге іліну мүмкіндігі жойылды.
Айта кету керек, Ризабек Айтмұқан – еркін күрестен Қазақстан тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы балуан. Ол Азия чемпионаттарында үш рет топ жарған.